28.12.2022, 11:35 57876

Қазақстанда бір айда коронавируспен сырқаттанушылық 2,4 есеге өсті

Қазақстандықтарды адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға, әсіресе балалармен баруды шектеуге шақырады
Қазақстанда бір айда коронавируспен сырқаттанушылық 2,4 есеге өсті
Астана. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,4 есе өсуі байқалады. Тәулігіне 300 жағдайы тіркелуде, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан, алайда, R көрсеткішінің бірліктен жоғары болуы еліміздің 13 өңірінде байқалады, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетіп отыр", - деді вице-министр.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі бар: Казвак, Sinofarm және Pfizer.

Сондай-ақ, Есмағамбетова Қазақстанда эпидемиологиялық маусым басталғалы бері (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-дың 2,2 млн жағдайы және тұмаудың зертханалық расталған 2300 жағдайы тіркелгенін айтты, оның ішінде В тұмауы - 2002, А (H3N2) тұмауы - 14, А(H1N1) - 300 жуық. Ауырғандардың 65%-ы 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10%-ға өсті. Қазан-қараша айларында республика бойынша тұмауға қарсы вакцинация өткізілді. Бүгінгі күні 2,4 млн адам егілді. Оның ішінде 500 мыңнан астамы балалар. Сондай-ақ респираторлық вирустық инфекциялардың ішінде риновирустық, РС вирустық және аденовирустық инфекциялар басым, олар оң үлгілердің 30%-на дейін тіркелуде", - деді ол.


Бас санитариялық дәрігер алдағы жаңа жыл мерекесін ескере отырып, КВИ мен басқа да вирустық инфекцияларды жұқтырудан сақтайтын бірнеше профилактикалық ұсынымдар берді. Олардың біріншісі - халық көп жиналатын жерлерде масканы пайдалану, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға, әсіресе балалармен баруды шектеу, қолды өңдеу үшін антисептиктер немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалануды ұмытпау, науқас адамдармен байланысты шектеу.

Тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыруға және ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу, дәрігерді үйге шақыру. Тұмау асқынулармен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу керек", - деді спикер.


Оның айтуынша, тыныс алу ағзаларының ауруларымен 15 600 адам стационарлық ем алып жатыр, оның ішінде ЖРВИ диагнозымен - 4600, тұмаумен - 17.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният қазіргі уақытта вирустық инфекцияның асқынып тұрғанын атап өткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны