19.07.2022, 15:52 5121

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 1450 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 1450 жағдайы тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 1 450 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 319 494 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 502, 
 
Алматы қаласында - 589, 
 
Шымкент қаласында - 31, 
 
Ақмола облысында - 24, 
 
Ақтөбе облысында - 4, 
 
Алматы облысында - 69, 
 
Жетісу облысында - 43, 
 
Атырау облысында - 32, 
 
ШҚО-да - 6, 
 
Абай облысында - 2, 
 
Жамбыл облысында - 51, 
 
БҚО-да - 5, 
 
Қарағанды облысында - 40, 
 
Ұлытау облысында - 13, 
 
Қостанай облысында - 2, 
 
Қызылорда облысында - 13, 
 
Маңғыстау облысында - 6, 
 
Павлодар облысында - 11, 
 
СҚО-да - 2, 
 
Түркістан облысында - 5.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 443 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері 1 296 197 адам сауығып кетті. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 17 шілдеде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның және өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
19 шілдеге КВИ-ден 9 737 адам (9 633 КВИ+ және 104 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 962 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 8 775 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 20 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 3 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 539 038 адам, 2-ші компонентпен - 9 321 854 адам вакцинацияланды. 4 921 141 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны