20.06.2022, 14:41 11136

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 12 жаңа жағдайы анықталды

Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 12 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 962 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
20 маусымға КВИ-ден 193 адам (137 КВИ+ және 56 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 44 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 149 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 4 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 519 079 адам, 2-ші компонентпен - 9 298 376 адам вакцинацияланды. 4 697 640 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны