21.06.2022, 14:42 9926

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 20 жағдайы анықталды

Пандемия басталғаннан бері - 1 305 982 ауру жағдайы.
НҰР-СҰЛТАН. 21 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 20 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 982 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
21 маусымға КВИ-ден 205 адам (150 КВИ+ және 55 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 47 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 158 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 4 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 21 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 519 180 адам, 2-ші компонентпен - 9 298 544 адам вакцинацияланды. 4 699 139 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны