06.07.2022, 15:36 13826

Қазақстанда бір тәулікте 360 жаңа КВИ жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте 360 жаңа КВИ жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 6 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 360 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 307 877 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 59, 
Алматы қаласында - 199, 
Шымкент қаласында - 29, 
Ақмола облысында - 4, 
Ақтөбе облысында - 1, 
Алматы облысында - 17, 
Атырау облысында - 10, 
ШҚО-да - 3, 
Жамбыл облысында - 10, 
БҚО-да - 2, 
Қарағанды облысында - 15, 
Қостанай облысында - 2, 
Қызылорда облысында - 2, 
Павлодар облысында - 3, 
СҚО-да - 3, 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда 123 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде COVID-19-дан 1 292 749 адам сауығып кетті.
 
6 шілдеге КВИ-ден 1 513 адам (1 465 КВИ+ және 48 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 263 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 250 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 12 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 528 076 адам, 2-ші компонентпен - 9 312 498 адам вакцинацияланды.
 
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 6 шілдеде Алматы "сары" аймақта орналасқан. Еліміздің басқа өңірлері "жасыл" аймақта.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны