23.05.2024, 12:45 45451

БҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды

БҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды
Сурет: gov.kz
2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Ол терроризмді насихаттады деп күдіктелуде.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны