22.11.2022, 10:43 19601

Қазақстанда бір тәулікте қанша COVID-19 жағдайы анықталды

КВИ-ден 743 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 56 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 857 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 қарашада КВИ-ден 743 адам (590 КВИ+ және 153 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 118 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 625 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 7 пациент,
 
- аса ауыр халде - 5 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 846 400 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 610 721 адам вакцинацияланды. 5 654 339 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны