06.12.2022, 10:09 8881

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 140 жағдайы тіркелді

Коронавирусты емдеуді 1374 адам жалғастыруда
Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 140 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 397 667 жағдай тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 6 желтоқсанда КВИ-ден 1 374 адам (1 183 КВИ+ және 191 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

- стационарларда - 191 пациент бар;

- амбулаториялық деңгейде - 1 183 пациент.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

- ауыр халде - 5 пациент,

- аса ауыр халде - 3 пациент,

- ӨЖЖ аппаратында - 4 пациент бар.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 849 289 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 613 754 адам вакцинацияланды. 5 669 940 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны