09.08.2022, 15:53 4701

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 1 128 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 1 128 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 1 128 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 369 333 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 335, 
 
Алматы қаласында - 200, 
 
Шымкент қаласында - 9, 
 
Ақмола облысында - 65, 
 
Ақтөбе облысында - 13, 
 
Алматы облысында - 17, 
 
Жетісу облысында - 40, 
 
Атырау облысында - 7, 
 
ШҚО-да - 17, 
 
Абай облысында - 27, 
 
Жамбыл облысында - 23, 
 
БҚО-да - 34, 
 
Қарағанды облысында - 197, 
 
Ұлытау облысында - 17, 
 
Қостанай облысында - 8, 
 
Қызылорда облысында - 13, 
 
Маңғыстау облысында - 8, 
 
Павлодар облысында - 80, 
 
СҚО-да - 11, 
 
Түркістан облысында - 7.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 691 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері - 1 329 423 адам. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 тамызға коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды. 2 адам (КВИ+)-ден қайтыс болды. 
 
9 тамызға КВИ-ден 26 548 адам (26 239 КВИ+ және 309 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 456 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 25 092 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 31 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 8 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 5 пациент бар. 
 
2022 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 564 853 адам, 2-ші компонентпен - 9 343 827 адам вакцинацияланды. 5 168 456 адам ревакцинацияланды. 
 
 "Сары" аймақта Нұр-Сұлтан, қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны