14.07.2022, 15:08 20401

Қазақстанда бір тәулікте мыңнан астам жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте мыңнан астам жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 1 104 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 312 294 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 328, 
 
Алматы қаласында - 350, 
 
Шымкент қаласында - 102, 
 
Ақмола облысында - 14, 
 
Ақтөбе облысында - 10, 
 
Алматы облысында - 88, 
 
Атырау облысында - 18, 
 
ШҚО-да - 13, 
 
Жамбыл облысында - 40, 
 
БҚО-да - 11, 
 
Қарағанды облысында - 58, 
 
Қостанай облысында - 15, 
 
Қызылорда облысында - 16, 
 
Маңғыстау облысында - 12, 
 
Павлодар облысында - 10, 
 
СҚО-да - 10, 
 
Түркістан облысында - 9.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 шілдеде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 334 адам сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 294 233 адам сауығып кетті.
 
14 шілдеге КВИ-ден 4 477 адам (4 398 КВИ+ және 79 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 503 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 3 974 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 14 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 1 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 534 769 адам, 2-ші компонентпен - 9 317 774 адам вакцинацияланды. 4 884 806 адам ревакцинацияланды. 
 
КВИ таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта Алматы қаласы орналасқан. "Жасыл" аймақта - ҚР барлық басқа өңірлері.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны