04.03.2021, 20:15 19798

Қазақстанда көктемгі аң аулау басталды: Экология министрлігі жауапкершілікті еске салды

1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады.
Нұр-Сұлтан. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады. Бұл ретте көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының міндетті қатысуымен қоңыр аюды, үйректі, қара торғайды және тізімге сәкес басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі", - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Көктемгі аң аулау ережелеріне сәйкес, үйректерді аулауға тек аңшыда еліктіретін үйрек немесе толтырылған жануар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал әуесқойлық (спорттық) аң аулауға бекітілген аңшылық алқаптарда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, бұл бекітілген аңшылық алқаптарға бару құқығына жолдаманың болуын талап етеді.
 

Егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не әкімшілік құқық бұзушылық заттары мен құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген", - деп еске салды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны