11.04.2022, 17:16 18611

Қазақстанда кезекші ХҚО-лар жұмысын қайта бастады

Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
Қазақстанда кезекші ХҚО-лар жұмысын қайта бастады
Сурет: con-rk.kz
НҰР-СҰЛТАН. 11 СӘУІР - Қазақстанда халыққа қызмет көрсету бойынша кезекші орталықтар жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
 

6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дс-жм аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады", - делінген "Азаматтарға арналған үкіметте".

 
Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары:
 
1. Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы №2 бөлім, Тұран даңғылы, 37/9
 
2. Алматы қ., Алмалы аудандық бөлімі, Бөгенбай батыр көш., 221/174
 
3. Шымкент қ., Абай ауданы бөлімі, Мәделі қожа көш., 1/16
 
4. Алматы облысы, Талдықорған қ. бөлімі, Н.Назарбаев көш., 67Б құрылыс
 
5. Атырау облысы, Атырау қ. №2 бөлім, Баймуханова көш., 16А
 
6. Ақмола облысы, Көкшетау қ. №1 бөлім, Әуезов көш., 189А
 
7. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ. №3 бөлім, Октябрьдің 60 жылдығы көш., 20Б
 
8. Қостанай облысы, Қостанай қ. №1 бөлім, Тәуелсіздік көш., 46
 
9. Қараганды облысы, Қарағанды қ. №1 бөлім, Ержанов көш., 47/3
 
10. Қызылорда облысы, Қызылорда қ. №1 бөлім, Мұратбаев көш., 2Е
 
11. Жамбыл облысы, Тараз қ. №1 бөлім, Қойгелді көш., 158А
 
12. Маңғыстау облысы, Ақтау қ. №1 бөлім, 15 мкр, 67Б ғимарат
 
13. ШҚО, Өскемен қ. №3 бөлім, Белинский көш., 37А; Семей қ. №2 бөлім, Б.Момышұлы көш., 22
 
14. БҚО, Орал қ. №1 бөлім, Жамбыл көш., 81/2
 
15. Павлодар облысы, Павлодар қ. №3 бөлім, Павлов көш., 48
 
16. СҚО, Петропавл қ. №1 бөлім, Әуезов көш., 157
 
17. Түркістан облысы, Түркістан қ. №1 бөлім, 160 квартал, 236 құрылыс
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны