29.06.2021, 23:10 9911

Қазақстанда коронавирус ауруы шамамен 40%-ға өсті

НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы аптада Қазақстанда коронавирус ауруының өсуі 39%-ды құрағанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Соңғы аптада короновирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың 39%-ға өскені байқалады. 29 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсектердің қамтылуы 27%-ды (7 125 төсек), реанимациялық төсектер 24%-ды (589 төсек) құрайды", - деді Алексей Цой.

 
Министр Республика бойынша сырқаттанушылықтың өсуі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында аурудың 1,7 есе өсуіне байланысты екенін атап өтті, бұл республика бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ын құрайды. 
 
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында инфекциялық төсектердің қамтылуы 65%-ды, реанимациялық төсектер 74%-ды, Алматы қаласында 32%-ды, реанимациялық төсектер 31%-ды құрайды.
 
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді, олар халық көп жиналатын орындардың қызметін шектеуге бағытталған. Сондай-ақ, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аталған өңірлердің эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймаққа немесе қызыл аймаққа көшуіне байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданды.
 
Министр сондай-ақ елімізде вакцинацияның тиімділігіне талдау жүргізілгенін хабарлады.
 

Елімізде вакцинацияланғандар санының сәуір-маусым айлары аралығында 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуімен сырқаттанушылықтың 2 есеге төмендегіні байқалады. Осыған байланысты, Дельта штамының пайда болуын және аталған штамға қарсы вакциналардың тиімділігін зерделеудің жалғасып жатқанын ескере отырып, вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайға жағымды әсер ететінін айта кеткен дұрыс", — деді А. Цой.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 421 121 науқас және КВИ- 56 942 жағдай тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны