23.06.2022, 15:23 22101

Қазақстанда коронавирус ауруының 42 жаңа жағдайы тіркелді

Коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 42 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 306 056 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 маусымда коронавирус белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы тіркелді, бір адам қайтыс болды.
 
23 маусымға КВИ-ден 254 адам (199 КВИ+ және 55 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 43 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 211 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 3 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 520 356 адам, 2-ші компонентпен - 9 300 566 адам вакцинацияланды. 4 721 333 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны