02.12.2022, 10:01 30381

Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмониямен ауыратындардың саны артты

Тәулік ішінде 162 адам оң ПТР-тестімен коронавируспен ауырып қалды
Астана. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 162 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 397 084 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Сонымен қатар, коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмония жағдайларының көбеюі байқалады. 30 қарашада пневмонияның 38 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

2 желтоқсанда КВИ-ден 1 205 адам (1 023 КВИ+ және 182 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

- стационарларда - 172 пациент бар;

- амбулаториялық деңгейде - 1033 пациент.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

- ауыр халде - 8 пациент,

- аса ауыр халде - 2 пациент,

- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 848 224 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 613 150 адам вакцинацияланды. 5 666 112 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны