21.09.2021, 19:41 16046

Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммының айналымы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммының айналымы анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус штамдарының айналымын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген: Delta "Үнді штаммы" - 57 (59,4%), Alpha "Британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%)", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-те.

 
Оның айтуынша, Eta "Нигерия" штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1). 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, "Eta" штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша "Eta" штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдарға жатады. 
 
Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.
 

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID-19 вакцинациясының аяқталған курсы", - деді Цой.

 
Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б.
 
Естеріңізге сала кетейік: 2021 жылғы 20 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 864 955 жағдайы расталды. Өткен тәулікте 2 093 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 19 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді, 11 адам қайтыс болды және 31 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 74 110, өлім – 4 751, сауыққандар – 60 798.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:COVID-19штамм

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны