24.01.2022, 18:40 35881

Қазақстанда әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

Қазақстанда әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАҢТАР - Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде. Алдын ала әскерге шақыру учаскелеріне 17 жастағы 100 мыңнан астам жасөспірім тіркеледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әскерге шақыру пунктеріне келуге 2005 жылы туған жасөспірімдер шақыру қағазын алады. Олар барлық қажетті құжаттармен жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Тіркеу барысында болашақ әскерге шақырылушылардың саны, әскери қызметке жарамдылық санаты, дене даярлығының деңгейі айқындалады. 
 

Тіркеу куәлігі – әскери билет сияқты маңызды құжат. Бұл жас адам қызметке шақырылғанға немесе запасқа шығарылғанға дейін жарамды. Әскери есептен шығарылғаннан кейін және әскери билетті алғаннан кейін тіркеу куәлігі алынып, оны жергілікті әскери басқару органына жоюға беріледі", – деп түсіндірді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Азамат Досымов.

 
Сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдары жасөспірімдерге әскери қызметтің артықшылықтары мен перспективалары, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің және алыс-жақын шетелдердің әскери оқу орындарына түсу ережелері жөнінде ақпарат беріледі.
 
Естеріңізге сала кетсек, республикада әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар мен наурыз аралығында жүргізілетін міндетті рәсім болып табылады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 17 мыңға жуық адам көктемгі әскерге шақырылуға жатады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны