03.04.2023, 08:50 35091

Қазақстанда жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау басталды
Қазақстанда жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы ҚР Оқу ағарту министрлігі хабарлады.
 
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
 

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай - ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады", - дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

 
Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі бірінші сыныпқа өтініш беру бойынша кезең-кезеңімен нұсқау берген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны