31.03.2023, 12:02 61916
Бірінші сәуірден бастап Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау басталады
Достарға айту
Биыл 1 сәуір сенбі күніне дәл келіп тұрғандықтан, құжаттар 3 сәуірден бастап қабылданады
Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева мәлім етті.
1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін жалпы орта білім беретін мектептерде бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттары қабылдануы тиіс. Алайда биыл 1 сәуір сенбі күніне дәл келіп тұрғандықтан, құжаттар 3 сәуірден бастап қабылданады. Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа 26 мыңға жуық бала келеді деп есептеліп отыр", - деді М. Қаирбаева Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, білім беру ұйымдары мектеп маңында тұратын 6 жастағы балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушыларға арналған тиісті мектептерден басқалары бірінші сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Әр мектепте ата-аналарға көмектесу мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша комиссия құрылды.
Ата-аналар құжаттарды "Электронды үкімет" (www.egov.kz) веб-порталы арқылы немесе мектептерде қағаз түрінде де тапсыра алады", - деді басқарма өкілі.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мына құжаттарды тапсыру керек: ата-ана өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы анықтама және 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.
Білім беру ұйымы ата-анадан тізімде көрсетілмеген басқа құжаттарды талап ете алмайды", - деп нақтылады М. Қаирбаева.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.10.2024, 18:17 14991
Smart Astana қосымшасында "Есірткіге жол жоқ" қызметі іске қосылды
Достарға айту
Астанада есірткі заттарын жарнамалауға жəне таратуға қарсы күрес үшін Smart Astana қосымшасында "Есірткіге жол жоқ" қызметі іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл қызмет тұрғындарға есірткі граффитиі жəне белгілері сияқты заң бұзушылық жағдайлары туралы жедел хабарлауға, кейіннен ақпаратты құқық қорғау органдарына беруге мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану жəне есірткі заттарының жарнамасы мен айналымына қарсы күресте көмек көрсету үшін мынадай қадамдарды орындау қажет:
1. App Store немесе Google Play арқылы "Smart Astana" қосымшасын орнатыңыз жəне тіркеуден өтіңіз.
2. Негізгі беттегі қолданбада "Танымал" бөлімін таңдаңыз.
3. "Есірткіге жол жоқ" бөліміне өтіп "өтініш жіберу" таңдаңыз.
4. Өтініш нысанын толтырыңыз: телефон нөмірі, Т.А.Ə., мекенжай (көше, үй нөмірі), Өтініш мəтінін көрсетіңіз, сондай-ақ заң бұзушылықты дəлелдейтін фотосуреттерді немесе бейнематериалдарды тіркеңіз.
5. Өтінішті жіберіңіз, ақпарат дереу қаралып жəне тиісті шаралар қабылдау үшін Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚБ) басқармасына автоматты түрде жіберіледі.
Айта кетейік, өтініштер толықтай жедел өңделіп, ал заң бұзушылықтың əрбір фактісі бойынша заңнамаға сəйкес ден қою шаралары қабылданады.
Қала тұрғындарын "Есірткіге жол жоқ" қызметін белсенді пайдалануға, сол арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға жəрдемдесуге шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 17:56 15351
Астанада 500-ден астам орынға арналған заманауи студенттік жатақхана салынады
Достарға айту
Esil University аумағында мемлекет қолдауымен МЖӘ аясында жаңа заманауи жатақхана салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Болашақ құрылыс алаңының аумағында жаңа ғимараттың макеті көрсетілді. Салтанатты іс-шараға елорда әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, мәслихат депутаттары және қоғам қайраткерлері қатысты.
Жоба қаланың Бас жоспарына енді. Бәрі құрылысқа дайын. Біздің жатақхана заманауи кампус түрінде болады. Біріншіден, бұл белгілі бір стандарттарға үйренген шетелдік студенттерді тартуға мүмкіндік береді. Жатақхана шетелдік және отандық студенттер үшін қолжетімді болады", - деді Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.
Сонымен, жаңа ғимарат 507 студентті қабылдай алады. Жаңа жатақхананың құрылысы 2025 жылдың көктемінде басталады деп күтіліп отыр.
Бүгін біз жаңа жатақхана жобасын таныстырамыз. Жоспарға сәйкес, ғимарат жалпы ауданы 6600 шаршы метр болатын бес қабатты болады. Жатақханада барлығы 507 төсек-орын қарастырылған. Жертөледе 210 адамға арналған асхана болады. Қалған қабаттарда үш және төрт бөлмелі болады. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған бір бөлме қарастырылған. Сондай-ақ, әр қабатта кір жуатын, үтіктеу бөлмелері, тұрмыстық ас үй және демалыс бөлмесі қарастырылған", - деді инвестор Таха Алтайлы.
Айта кетейік, биыл Астанада МЖӘ аясында 6 жатақхана салынып, пайдалануға беріледі. Олар 4,5 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Жатақханалардың бір бөлігі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 14:08 26226
Астанада жаңа экспресс-автобустар желіге шығады
Достарға айту
Астанада 6 қазанда жаңа №501 және №502 экспресс-бағдарлары желіге шығады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам жетуге әрі ыңғайлылыққа, сол сияқты жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.
Бағдарлар бағыты:
№501 экспресс-бағдар - Абайдың 150-жылдығы к-сі - Халықаралық әуежай;
№502 экспресс-бағдар - Теміржол вокзалы - "Бағыстан" ТК қатынасымен жүреді.
Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, жалпы саны 16 автобус болады. Қатынау жиілігі 14-20 минут.
Жол жүру құны - 250 тг.
Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
Қала+Экспресс" - 10 000 тг.
Қала+Экспресс+Қала маңы" - 13 500 тг.
Айта кетейік, айлық жол жүруді сатып алу 16 қазаннан бастап қолжетімді болады және олар 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап әрекет етеді.
Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасында Tаplink арқылы танысуға болады.
Экспресс-бағдарлардың жұмысы туралы ақпарат @cts_kz парақшасында жарияланады.
Автобустардың қозғалысын "Avtobys", 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақылауға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 17:59 34916
Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
Достарға айту
Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар, деп хабарлайды Qazstat.
Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені - 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.
Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:
- Атомжан - 2 адам
- Атомбек - 6 адам
- Атомвек - 2 адам
- Атомтай - 1 адам
Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 17:56 35131
Астанада Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті
Достарға айту
Астана қаласында Байқоңыр ауданының Өндіріс тұрғын алабында Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ұйымдастырған концертте тек ойын-сауық бағдарламасы ғана емес, қала әкімдігіне қарайтын орталықтың ардагерлерге ұсынатын қызметтері туралы да кеңінен түсініктеме берілді. Мәселен, мұнда зейнеткерлер үшін тегін дене шынықтыру, үстел теннисі, қолөнер, хор үйірмесі, тыныс алу гимнастикасы бөлмесі ашылған.
Мерекелік іс-шарада Байқоңыр ауданы "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының" директоры Мұхтар Еркетаев, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Айсұлтан Жақыпбек сөз сөйлеп, зейнеткерлерді мерекемен құттықтады.
Зейнеткерлер егде тартқан шағында қоғамға керексіз болып үйде жалғыз отырып қалмай, ортамен араласып, денсаулығын нығайтып, көңілін көтеру үшін осындай орталықтар ашылып отыр. Ата-әжелер үйде немере баққаны да дұрыс, дегенмен, білім көкжиегін кеңейтіп, жаны мен тәнін шынықтырып, көзқарасын жаңа арнаға бағыттау үшін оларға "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына" келіңіздер" деген кеңес айтар едім", - деді Байқоңыр ауданы "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының" әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Роза Байсалбаева.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада осы орталыққа келушілер ән айтып, би билеп, мерекенің көрігін қыздырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2024, 17:33 35406
Алматыда көпбалалы аналар марапатталды
Достарға айту
Алматы қаласының 9 көпбалалы анасы "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларының иегері атанды. Олар Жетісу ауданында тұрады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №645 Жарлығына сәйкес екі ана "Алтын алқа" алса, тағы жеті анаға "Күміс алқа" берілді.
Біз тәрбиелеп отырған балаларымыз еліміз бен жерімізге қызмет етсе, бұл біздің мақсатымыздың орындалғаны. Әрбір ана балалардың санына ғана емес, олардың тәрбиесінің сапасына да жауап береді, өйткені бұл үлкен жауапкершілік. Қазақстанның болашағы жарқын болсын, балаларымыз денсаулығы мықты болып, еліміз гүлдене берсін!", - деді "Алтын алқа" иегері Аяна Әлішева.
Күміс алқа" иегері, 6 баланың анасы Гүлзана Халбекова да эмоциясын жасырмады.
Мен осы сәтті ұзақ күттім. Өзім көпбалалы отбасында өскенмін, біз анамыздың мейіріміне және әкеміздің қамқорлығына бөленіп өстік. Біздің балаларымыз да бір-біріне қамқорлық пен жақсылық жасайды. Менің ойымша, бейбіт еліміз мен көңілі дархан халқымыздың арқасында балаларымызды бейбітшілік пен келісімде тәрбиелей аламыз. Көпбалалы ана болу бақыт, мен әр отбасыға осындай бақыт тілеймін!", - деді Гүлзана Халбекова.
Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева жоғары награда иегерлерін құттықтап, ұлттың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Ауданда барлығы 2 940 көпбалалы ана тіркелген. Бүгінде олардың 154-і "Алтын алқа", 305-і "Күміс алқа" медальдарымен марапатталған. Олардың қатарына тағы 9 әйел қосылды. Көпшілігі білім беру, медицина және басқа да мемлекеттік және жеке құрылымдарда жұмыс істеп, қаланың дамуына зор үлес қосып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2024, 17:35 43006
Астаналық зейнеткерлер арасында үздік шахматшы анықталады
Достарға айту
Қарттар күніне орай Алматы ауданында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" коммуналдық мекемесінде шахмат турнирі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада 2022 жылы ашылған "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында" құрметті еңбек демалысына шыққан егде азаматтар бос уақытын тиімді өткізуге тырысады. Алғашқы жылы 6 мың адам ғана тіркелсе, қазіргі таңда орталыққа келушілердің саны 14 мыңға жуықтайды. Бұл жерде зейнеткерлер әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, бос уақыт өткізу бағытында әлеуметтік қызмет түрлерін ала алады.
Мерекеге орай, Алматы ауданында шахмат бәсекесінен жеңімпаздарды анықтау мақсатында зейнеткерлер бас қосты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин қарияларды арнайы құттықтады.
Әкімшілік тарапынан "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының" ашылғаны өте дұрыс болды деп санаймын. Өзім 2022 жылдан бері осы жерге келіп, қатарластарыммен уақыт өткізуге тырысамын. Көптеген үйірмелер бар және осы жерге келгеннің арқасында жаңа қырларымды ашып жатырмын. Шахматпен бала кезден айналысып келемін. Қалалық деңгейдегі жарыстарды жібермеуге тырысамын. Жаттығудың арқасында биыл Senate Open республикалық жарысының жартылай финалына дейін жеттім. Орталықта да мықты шахматшылар бар. Бос уақытымда шахматпен айналысып, жаңа адамдармен танысып жатырмын. Бұдан бөлек, бачата би түрін де меңгерудемін", - деді 73 жастағы Гамиат Насыров.
Шахмат бәсекесінде жүлдегерлер рапид түрі бойынша айналмалы жүйеде белгілі болады. Жалпы қаланың 5 ауданында 180-нен астам зейнеткер шахматты серік еткен.
Зейнеткерлер орталықта тек шахмат қана емес, сондай-ақ, йога, айкөне, компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі және т.б. 22 түрлі үйірмеге қатыса алады.
Астанадағы 5 ауданда орталықтың 5 филиалы бар. Олар Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1, Байқоңыр ауданы бойынша Абай даңғылы, 46, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 және Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44 мекенжайында орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.09.2024, 17:27 48036
Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
Достарға айту
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.10.2024, 14:20Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады 03.10.2024, 17:19 73876Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады03.10.2024, 18:29 72551СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда01.10.2024, 17:21 58466Дүниежүзілік банк Қазақстанға қаржыландырудың жаңа құралдарын ұсынады02.10.2024, 14:59 56601Қазақстан Президенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
26.09.2024, 18:14 99981Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95516«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94171Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 89796Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді27.09.2024, 17:46 82346Астанада қоғамдық көлікке арнап 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды