07.01.2023, 09:15 30441

Қазақстандықтар бүгін православиелік Рождествоны атап өтуде

Қазақстандықтар бүгін православиелік Рождествоны атап өтуде
Сурет: fikiwiki.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды мерекемен құттықтады
 
Астана. 7 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
 

Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады. Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен. Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әралуандығын сақтауға ықпал етіп келеді", - деп жазды Президент.

 
Ол халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенеді.
 
Президент барша азаматтарға зор денсаулық, толағай табыс тіледі.
 

Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!" - деді Мемлекет басшысы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны