01.12.2022, 12:24 27321

Қазақстандықтар құжаттарға қол қою үшін QR-кодты қашан пайдалана алады

Қазақстандықтар құжаттарға қол қою үшін QR-кодты қашан пайдалана алады
Сурет: gov.kz
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сенат аясында құжаттарға қол қою үшін QR-кодты енгізу мерзімдері туралы айтып берді.
 
Азаматтардың электронды қолтаңбасы ұялы телефонда сақталады.
 

Бүгінде мемлекеттік интернет-порталдарды пайдаланушы компьтерге NCALayer немесе Java сияқты қосымша бағдарламаларды орнатуға міндетті. Бұл көптеген қолданушыға қиындық тудырады. Соған орай біз бұл қиындықты әрбір адамның қолындағы мобильді телефон арқылы шешеміз. Мобильді телефонда электронды қолтаңба сақталады не болмаса онлайн режимде биометриялық біріздендіру негізінде өндіріледі", - деді министр Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

 
Оның түсіндіруінше, электронды қолтаңда бұлтты форматта сақталады.
 

Адам электронды қолтаңбаны қолданғысы келген кезде eGOV mobile-ді ашып, қол қойғысы келген құжатқа QR кодты бағыттайды. Сол сәтте QR-код оқып, ол құжатқа қол қоюға келісім беру түймесін басады. Қол қоюға қатысты бұл процедураның бәрі мобильді құрылғыда және серверлерде жүреді", - деді Бағдат Мусин.

 
Министр қазіргі уақытта телефон арқылы қол қоюға қажетті инфрақұрылымның әзірленгенін, енді әрбір мемлекетті орган оны соңына дейін пысықтауы тиістігін баса айтты.
 

Мемлекеттік порталдарға қатысты айтар болсам, келесі жылы барлық порталды қол қоюдың осынау жаңа тетігіне көшіреміз. Қазақстан азаматтарына ХҚО-ларға барудың, электронды қолтаңбаны флешкаға жазып алудың, сауал жолдаудың қажеті болмайды. Мұның бәрі телефонда болады әрі телефонның көмегімен электронды қолтаңбасын қоюға мүмкіндік алады", - деді министр.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ЭЦҚМусин

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны