Система Orphus

Қазақстандықтарда автокөлікке "әдемі" әріптік белгі сатып алу мүмкіндігі пайда болады

25.10.2021, 18:10 67339
Қазақстандықтарда автокөлікке "әдемі" әріптік белгі сатып алу мүмкіндігі пайда болады
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАЗАН - Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин автокөлікке ақшаға сатып алуға болатын әдемі нөмірлер тізімін кеңейтуді ұсынды.
 

Ішкі істер министрлігімен бірге сұранысты көбейту мәселесін пысықтадық, оны заңнамалық түрде бекіту қажет. Осыған байланысты қолдау сұрағым келеді. Белгілі бір нөмірлер бар, мысалы, 777. Оны бюджетке ақысын төлеу арқылы сатып алуға болады. Сондай-ақ әлі реттелмеген мемлекеттік нөмірлер бар, олардың тізімін заңмен бекіткіміз келеді, осылайша, оларды да сату мүмкін болады", - деді Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

 
Ол Мәжіліс депутаттарынан министрліктер бастамасын қолдауды сұрады.
 
Сондай-ақ Мусин автокөлікке қатысты мәселелерде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай нүктесі ретіндегі электрон Үкімет жетістігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Танымал платформалар арқылы қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, көліктерді қосымшалар арқылы тіркеу процесті айтарлықтай оңтайландыруға және автоматтандыруға, сонымен қатар тұрғындардың уақыты мен шығындарын үнемдеуге септігін тигізді. Қызмет алу үшін нысанға барудың қажеті жоқ. Бұл тәсілдер карантин шараларды ескерсек, маңызды саналды", - деді министр.

 
Ол қаңтарда көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша 4 мың транзакция болғанын, оның 5 пайызы ғана онлайн режимде жасалғанын түсіндірді. Қыркүйектің өзінде қазақстандықтар көліктерді тіркеу және қайта тіркеу бойынша 167 мың транзакция жасаған, оның ішінде онлайн тіркеу үлесі 36 пайызға дейін өскен.
 

Біз қызметтерді Kaspi.kz, Homebank.kz және т.б. танымал платформаларға көшіру өз әсерін тигізетінін көрсеттік. Ең танымал қызметтерге назар аудардық", - деп қосты ол.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны