23.02.2023, 09:27 36856

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Тас жолдардың алты учаскесінде шектеу енгізілді
Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Depositphotos
Астана. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 23 ақпан сағат 09:15-тегі жағдай бойынша, 5 облыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі хабарлады.

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 1025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1%", - деп нақтылады компанияда.


Атап айтқанда, Ақтөбе облысында:

  • "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында:

  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында:

  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында:

  • "Самара-Шымкент" тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында:

  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Ақсу-Аюлы - Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық.

ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, өткен түнде 1 100 м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны