10.02.2023, 12:35 40731

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

Терещенко 1991 жылдан 1994 жылға дейін премьер-министр қызметін атқарды
Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында қайтыс болды.
 
Сергей Терещенко 1951 жылы РСФСР Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген.
 
Терещенко тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі болды және бұл қызметті 1991 жылдан 1994 жылдың қазан айына дейін атқарды.
 
10.02.2023, 15.52 толықтырылды
 
Президент мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
 

Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды", - делінген жеделхатта.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны