03.03.2023, 09:23 36406

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдарда қозғалыс шектелген

Синоптиктер бүгін Қазақстанның солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында төмен қарлы боран, көктайғақ болады деп болжап отыр
Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдарда қозғалыс шектелген
Сурет: Depositphotos
Өскемен. 3 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - 3 наурыз сағат 09:20 ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"АҚ хабарлады.

Абай облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және "Өскемен-Семей" тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

 "ҚазАвтоЖол" мәліметтері бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі республикалық күре жолдарда көктемгі тазалық жұмыстары басталды. Жолшылар 300 тоннадан астам қоқыс шығарды. Қалған өңірлердегі республикалық тасжолдарда көктемгі тазалық жұмыстары күн жылына басталысымен қолға алынады.

Жолшылар көлік жүргізушілерін қоқысты арнайы бөлінген орындарға тастауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны