24.01.2023, 11:15 21886

Қазақстанның көптеген облыстары су тасқыны маусымына дайын емес - ТЖМ

Тәуекелдері жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады
Қазақстанның көптеген облыстары су тасқыны маусымына дайын емес - ТЖМ
Сурет: gov.kz
Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында орталық және атқарушы органдарының су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері қаралып, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндама жасады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Юрий Ильин атап өткендей, Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Ықтимал су тасқынынан болатын залалды азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. Өзен арналарының аса қауіпті учаскелерінде инженерлік-қорғау жұмыстары (жағалауды нығайту - 30,6 км, түбін тереңдету - 6,7 км, түзету - 6 км, тазарту - 27,3 км), 1,5 мың км астам каналдарды (1480 км) және арықтарды (95 км) тазарту, 40 гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, қорғаныш бөгендері мен біліктерін 16 км салу және 43 км жөндеу, екеуін салу және 26 км нөсер кәріздерін тазарту, автомобиль жолдарында 105 су өткізу құбырын орнату және 51-ші жергілікті құлақтандыру жүйесін пайдалануға беру", - деп хабаралды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.


Қабылданған шаралар 213 елді мекеннен қауіп-қатерді алып тастауға және 550 мыңнан астам адам тұратын 580 елді мекен үшін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Жекелеген өңірлерде оларды орындауға формалды тәсіл сақталады. Үкімет отырыстарының қорытындыларына қарамастан әкімдіктер 2022 жылға көзделген Жол картасының барлық іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етпеді.

Осыған байланысты Астана және Шымкент қалаларының, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктері халықты су тасқынынан, еріген және жаңбыр суларынан қорғау деңгейінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізген жоқ.

Алдын ала алдын алу шараларын елемеу су тасқыны салдарын жоюға қосымша қаражат бөлуге әкеп соғады.

ТЖМ басшысының ақпараты бойынша, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында өзендердің арнасы толық көлемде тазаланбаған. Ақмола облысы Р. Қошқарбаев ауылының маңында Нұра өзенінің жағасын нығайтуды қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ.

Астана және Алматы қалаларында, Алматы, Абай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында арық-дренаж жүйелері де қатты жауын-шашында шамасы келмеді.

Су тасқыны кезеңіндегі тағы бір проблема толып кету және жолдардың бұзылуы, бұл көлік қозғалысының үзілуіне және жекелеген елді мекендердің оқшаулануына әкеледі.

Бүгінгі таңда республика бойынша су жайылуға бейім 482 автомобиль және алты жүзден астам теміржол учаскелері бар.

Осыған байланысты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп автомобиль жолдарын жобалау және жөндеу кезінде жаңа құрылыстар құруды көздеуі немесе қолданыстағы су өткізгіш құрылыстарының өткізу қабілетін арттыруы қажет.

Тәуекелдері жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады.

gov.kz

Өткен жылғы су тасқынының өтуін талдау қорытындысы су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлер салу екенін көрсетті.

Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында 35 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 12 дана Қазавиақұтқару әуе кемелері, 700-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпа санында күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылды. Өңірлердің су тасқынына әзірлік дәрежесі Қарағанды қаласында басқарма штабымен бірге "Көктем-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында тексерілетін болады", - деп хабарлады министрлік.


Алайда, азаматтарға су тасқынына дайындық кезеңінде алдын ала шаралар қабылдау қажет:

- ТЖД және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің ұсынымдарын сақтаңыздар;

- аула аумағындағы қарды тазалау жұмыстарын уақтылы жүргізіңіздер;

- үйлерге жақын орналасқан арықтар мен су өткізу құбырларын ластамаңыздар, оларды уақтылы тазалаңыздар;

- үй маңындағы аумақты үйіп бекіту үшін инертті материал мен қапты дайындаңыздар;

- жергілікті атқарушы органдардан эвакуациялау пункттерінің алдын ала белгіленген орындарын және эвакуациялау бағытын нақтылаңыздар;

- балаларды су айдындарына, әсіресе сең жүру кезінде қадағалаусыз жібермеңіздер, оларға су айдындарындағы мұздың жібуі кезінде, тік және шайылған жағалауларға бару қаупті екенін ескертіңіздер.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде 255 елді мекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр.

Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елді мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар. Ауа райы болжамына сәйкес, алдымыздағы ақпан айында оңтүстікте ауа температурасы мен жауын-шашын нормадан жоғары болуы мүмкін. Бұл - "айтып келетін апаттың" нағыз өзі. Сондықтан оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтулері керек", - деді Әлихан Смайылов.


Үкімет басшысы өңірлер су тасқынына толық дайын еместігін айтты. Қажетті шаралар ұзақ уақыт бойы қабылданбай келеді.

Дайындық жұмыстарының сапасына қатысты халықтың тарапынан да түсіп жатқан шағымдар аз емес. Өйткені, олар өздерінің үй-жайына, мал-мүлкіне алаңдап отыр. Мәселен, Ақмола облысының Қошқарбаев ауылында Нұра өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына қаржы бөлінбей отыр. Онда әр жыл сайын тасыған су жағалауды бұзып өтіп, үйлерге дейін жетеді", - деді Әлихан Смайылов.


Алматы, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Астанада және Алматыда дренаждық жүйенің қатты жауын-шашын мен тасыған селге шамасы жетпейді.

Үкімет басшысы барлық өңір әкімдері қарды, әсіресе, ауылдық елді-мекендерде уақытылы шығаруды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Тағы бір маңызды мәселе - тасқын кезінде жолдардың шайылып кетуі мен бұзылуы. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғындары жыл сайын жолдың шайылып кетуінен Нығман кентімен қарым-қатынас қиынға түседі деп шағымданады. Ауыл тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын алдын ала дайындап алуға мәжбүр.

Мұндай жағдай болмауы тиіс. Әкімдік бұл проблеманы түпкілікті шешуі қажет. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен өңір әкімдері жолдардың, көпірлер мен су өткізу бекеттерінің су тасқынына дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауы керек", - деді Премьер-Министр.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы қосымша шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Юрий Ильин 2022 жылдың көктемінде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген қар мен жаңбыр суларының күрт ағыны болғанын хабарлады. Бұл ретте су тасқынына қарсы шараларды уақтылы жүргізу есебінен ғана ТЖ туындау қаупін азайтуға болады. Алайда әкімдіктер тиісті шараларды қаржыландыру мәселесін кейінге қалдырады, осыған байланысты нысаналы мерзімдерді бұзу қаупі туындайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны