12.05.2026, 16:30 371

Қазцинктегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды

Өскемен қаласында "Қазцинк" ЖШС-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Бұл туралы "Қазцинк" компаниясынан мәлім етті.

- Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.

Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.

- Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болғаны хабарланған. Соның салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті. 

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды.

Жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны