14.04.2023, 12:09 37086

Бұрынғы қазақстандық содырдың қызы Сириядан қайтарылды - ҰҚК

2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарды
Бұрынғы қазақстандық содырдың қызы Сириядан қайтарылды - ҰҚК
Сурет: unsplash.com
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді.

Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады", - деп бөлісті ведомствоның баспасөз қызметі.



Анықтама: 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны