08.09.2025, 20:59 153396

"Балдәурен" орталығында балалар санитарлық талаптарға сай емес, тар жерде тұрып келген

Бурабай ауданының прокуратурасы "Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы" РМҚК қызметіне тексеру жүргізіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың жүйелі бұзылуын және лагерьдің жобалық қуатының асыра пайдаланылғанын анықтады, деп хабарлайды Inform.kz.

Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда, техникалық паспортқа сәйкес, орталық 400 орынға арналған. Алайда іс жүзінде бір ауысымда 574 бала орналастырылған, бұл рұқсат етілген нормадан 43%-ға артық.

Балаларды орналастыру үшін 12 оқу кабинеті пайдаланылған. Бұл бөлмелер санитарлық тораптармен жабдықталмаған, гигиеналық талаптарға сай келмейді және кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіп төндіреді. Норма бойынша бір бөлмеде 6 бала болуы тиіс болса, іс жүзінде 9 балаға дейін орналастырылған.

Айрықша назар аудартатыны - мемлекеттік квота есебінен тегін демалып жатқан балалар тар және қолайсыз бөлмелерде орналасса, ал ақылы негізде келген балалар бөлек, барлық жағдайы жасалған бөлмелерге жайғастырылған.

- Анықталған заңбұзушылықтарды жою, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту және болашақта балалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмеу үшін прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды,- делінген хабарламада.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны