21.01.2022, 18:08 28616
Бас прокуратура полицияның заңсыз әрекеттеріне шағымданатын нөмірлер тізімін жариялады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұстап алу, жеткізу, қылмыстарды тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан құқықтарды бұзу мәселелері бойынша жүгінуге болатын өңірлердің кезекші прокурорларының нөмірлері:
- Нұр-Сұлтан, Жұмағұлов Азамат Болатұлы: +7 701 059 77 00, +7 7172 71 24 98
- Алматы, Құрманов Азамат Сейтқанұлы: +7 708 000 80 00, +7 7272 65 03 95
- Шымкент, Базарбаев Нариман Сайдинганиевич: +7 777 402 32 98, +7 7252 53 91 84
- Алматы облысы, Абдрахманов Мәулен Ақбайұлы: +7 701 757 36 27, +7 7282 24 18 92
- Шығыс Қазақстан облысы, Исабаев Дархан Ғалымұлы: +7 702 704 49 99, +7 7232 24 54 82
- Жамбыл облысы, Сатыбалдиев Дархан Мұратұлы: +7 771 889 00 99, +7 7262 45 43 79, +7 7262 45 15 01
- Қызылорда облысы, Абдуманов Азат Бауыржанұлы: +7 747 577 99 00, +7 7242 27 77 47
- Түркістан облысы, Тыныбеков Нұрғали Айдарбекұлы: +7 707 700 32 86, +7 7253 34 10 11
- Ақмола облысы, Бекенов Самат Амангелдіұлы: +7 708 749 13 43, +7 7162 25 02 99
- Қарағанды облысы, Құлбаев Салауат Ертарғынұлы: +7 775 123 37 43, +7 7212 35 35 33
- Қостанай облысы, Мұқанов Ернар Асылбекұлы: +7 775 351 85 85, +7 7142 54 55 15
- Павлодар облысы, Омарғалиев Әнуар Болатұлы: +7 705 601 71 63, +7 7182 31 50 69
- Ақтөбе облысы, Сүйінғарин Мақсат Жангелдіұлы: +7 775 618 55 23, +7 7132 90 12 14
- Маңғыстау облысы, Аманқұл Сержан Құттыммұратұлы: +7 701 888 38 87, +7 7292 42 34 10
- Атырау облысы, Мұхтаров Ерлан Ғабдықалықұлы: +7 701 471 00 00, +7 7122 27 07 83
- Батыс Қазақстан облысы, Урынгалиев Серик Наурызгалиевич: +7 777 184 81 84, +7 7112 50 79 74
- Солтүстік Қазақстан облысы, Есімов Әлім Сәлімұлы: +7 701 227 91 45, +7 7152 46 21 43
- Бас әскери прокуратура (әскери қызметкерлердің заңсыз іс әрекеттеріне), Серіков Дулат Мирболатұлы: +7 776 193 90 22, +7 7172 71 28 46
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.12.2025, 20:22 19986
Халықаралық валюта қорында "Қазақстан күні" мерекеленді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған "Қазақстан күні" атты ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ХВҚ мен Дүниежүзілік банк тобының өкілдері, сондай-ақ Вашингтон қаласында тұратын және еңбек ететін қазақстандық отандастар қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының серпінді қарқынына және оның жаһандық қаржы-экономикалық ынтымақтастық жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанына ерекше назар аударылды.
Құттықтау сөзбен Қазақстан кіретін мемлекеттер тобының атынан ХВҚ Атқарушы директоры Патрик Лошевски сөз сөйледі. Ол Қазақстанның Қор қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарын атап өтті.
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тұрғысындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық экономикалық архитектурадағы сенімді әрі жауапты әріптес ретіндегі рөлін ерекше көрсетті.
Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк өкілі, Атқарушы директордың орынбасары Мариуш Круковский сөз сөйлеп, экономикалық өсуді және өңірлік дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды кеңейту перспективаларына тоқталды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде дәстүрлі қазақ дастарханы, "Гүлдер" би ансамблінің өнер көрсетуі және домбырада классикалық күйлердің орындалуын қамтыған мәдени бағдарлама ұсынылып, қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 19:19 20161
Бейжіңде қазақстандық студенттер ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының (KSAC) белсенділерімен дәстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші студенттерді Мемлекет басшысының бастамашылығымен жүргізілудегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Қазақстан мен Қытай екіжақты қатынастарының ағымдағы жағдайы мен келешектеріне ерекше назар аударылды.
2026 жылы бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын, дипломатиялық мекемеде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттер қауымдастығының қызметін одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Ш.Нұрышев сапалы білім алудың, болу елінің заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қытай тілін білетін мамандардың сұранысын және оларды кәсіби іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің кең келешектерін ерекше атап өтті.
Елші Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының қызметіне оң баға беріп, оның шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, студенттерді қоғамдық және волонтерлік қызметке белсенді қатысуға шақырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша KSAC-тың ең белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 19:17 15871
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Сурет: depositphotos
Достарға айту
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29-желтоқсаны мен 2026 жылдың 7-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар көзделген.
Балаларға бос уақытында:
- кітап оқу;
- музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
- спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу;
- қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу ұсынылады.
Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 18:58 55711
Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді
Сурет: Huawei
Достарға айту
Huawei компаниясы Huawei Annual Awarding Ceremony атты жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізіп, Қазақстанның 48 университетінің өкілдерін бір алаңға жинады. Аталған жоғары оқу орындарының базасында Huawei ICT академиялары табысты жұмыс істеп келеді. Іс-шара жыл қорытындысын шығару, үздік академияларды, оқытушылар мен студенттерді марапаттау, сондай-ақ елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беруді одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова, "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Арман Айтуғанұлы Ашкин, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары болды.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде Динара Щеглова Huawei компаниясына студенттер арасында жасанды интеллектті дамытуға бағытталған AI-SANA ұлттық білім беру бастамасын іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады. Осы бастама аясында Huawei жасанды интеллект бойынша үш курсты бейімдеп, оларды қазақ тіліне аударды және Huawei Talent Online платформасында оқуға тегін қолжетімділік ұсынды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 45 университетінен 200 521-ден астам студент AI-SANA бағдарламасы аясында жасанды интеллект бойынша сертификаттаудан сәтті өтіп, бұл бастаманы өңірдегі цифрлық білім беру саласындағы ең ауқымды жобалардың біріне айналдырды.
Іс-шара барысында Huawei өкілдері білім беру процесін цифрландыруға арналған смарт-шешімдерді таныстырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында жұмыс істейтін ICT Academy қызметі туралы өткен жылға арналған есепті ұсынды. Есепте белсенді курстардың, студенттердің және халықаралық сертификаттардың саны бойынша динамика қамтылды.
Кештің негізгі оқиғаларының бірі - Huawei ICT Competition 2025-2026 ұлттық финалына қатысушыларды марапаттау болды. Студенттер Network, Cloud және Computing тректері бойынша жарысып, заманауи технологиялармен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Network бағыты бойынша жеңімпаз атанғандар: Мадияр Мерейев (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Ансар Асылбек (ҚБТУ) және Жақсылық Абдумиталипов (ҚБТУ). Cloud бағыты бойынша Ziani Louay (ҚБТУ), Мереке Нұрай (ҚБТУ) және Арайлым Амангелдіқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) үздік шықты. Computing бағыты бойынша Семсер Бердібек (АТУ), Даниял Сайлаубек (АТУ) және Бақдәулет Кемал (АИУ) жеңіске жетіп, қазақстандық студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін растады.
Сонымен қатар "Instructor of the Year" номинациясы бойынша 14 оқытушы студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі, Huawei курстарын оқу процесіне интеграциялау және өз университеттерінде АКТ бағыттарын белсенді ілгерілеткені үшін ерекше атап өтілді.
Негізгі көрсеткіштердің қорытындысы бойынша жыл бойы бағдарламаның жоспарын толық орындап, айрықша нәтижелер көрсеткен бес ICT Academy анықталып, марапатталды. Бағалау үш негізгі критерийге негізделді: AI курстарын білім беру силлабустарына (міндетті және элективті пәндер ретінде) табысты енгізу, AI-SANA бағдарламасы аясында ең көп белсенді сыныптар мен студенттердің болуы, сондай-ақ Huawei ICT Competition 2025-2026 байқауына белсенді әрі нәтижелі қатысу.
Үздіктер қатарына ҚБТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ALT University, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті енді. Оқытушылар мен академияларға марапаттарды "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасы Арман Ашкин және Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директордың орынбасары Сюй Хай табыстады.
Білім беруді қолдау және АКТ саласындағы таланттарды дамыту - Huawei компаниясының Қазақстандағы негізгі басымдықтарының бірі. Біз студенттер мен оқытушыларға салынған инвестицияны ел экономикасының тұрақты дамуы мен цифрлық трансформациясына ұзақ мерзімді үлес деп санаймыз. Huawei ICT Academy, AI-SANA және Huawei ICT Competition секілді бастамалар арқылы біз университеттермен бірлесе отырып, жастардың озық білім мен технологияларға қол жеткізуіне, ал оқытушылардың білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналған құралдарға ие болуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырып келеміз. Annual Awarding Ceremony - серіктестерімізге сенімі үшін алғыс айтып, Қазақстандағы АКТ-білім беруді күшейтіп, оны заманауи әрі бәсекеге қабілетті етіп отырған жандарды атап өтудің бірегей мүмкіндігі", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директордың орынбасары Сюй Хай.
Huawei ICT Academy - Huawei компаниясының әлем бойынша университеттер мен колледждермен серіктестікте жүзеге асырылатын жаһандық білім беру бастамасы. Бағдарлама аясында білім беру ұйымдары Huawei әзірлеген авторлық курстарға қол жеткізеді, ал студенттер желілік технологиялар, бұлтты сервистер, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және басқа да бағыттарды қамтитын 23 АКТ бағыты бойынша практикалық оқудан өтіп, халықаралық сертификаттауға ие бола алады.
Huawei ICT Academy бағдарламасы бірнеше жылдан бері қазақстандық университеттерде классикалық академиялық курстар мен цифрлық экономиканың нақты сұраныстары арасындағы алшақтықты қысқартуға көмектесетін платформа ретінде жұмыс істеп, елдің технологиялық дамуына қажетті кадрлық резервті қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2025, 18:52 79956
Бакуда Қазақстан мәдениетінің онкүндігі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен Әзербайжан астанасында қазақ мәдениетінің онкүндігі өтті. Еліміздің кино, театр және креативті жобалар саласындағы жетістіктері таныстырылды. Баку тұрғындарына толықметражды фильмдер, музыкалық драма және халықаралық деңгейде танылған ойын әзірлемелері ұсынылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шаралардың бір бөлігі Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) мәдениет пен креативті индустриялар саласындағы негізгі оқиғаларының бірі саналатын ауқымды халықаралық "Baku Creative Week - 2025" фестивалі аясында өтті.
Қазақстан киносы күндері шеңберінде "Мереке", "Операция "Набат"", "Жабайы" және "Менің атым Қожа" атты фильмдер көрсетілді. Көрсетілімдерден кейін көрермендер қазақстандық делегация өкілдерімен, олардың ішінде актер Бақыт Қажыбаев пен сценарист Тамерлан Алмановпен фильмдердің көркемдік және мәдени қырларын талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Әзербайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрында Астана қаласы әкімдігінің Жас көрермендерге арналған музыкалық театрының орындауында "Әміре" музыкалық драмасы сахналанды. Қойылым көрнекті қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың Париждегі "ЭКСПО" дүниежүзілік көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына арналды.
G-HUB саммиті аясында өткен Turkic Game Jam 2025 финалында Almaty Creative Hub-та ұйымдастырылған Алматы хакатонының жеңімпаз жобалары таныстырылды. Murakami Kult және Teqesh командалары өздерінің ойын әзірлемелерін 50-ден астам мемлекеттен келген халықаралық қазылар алқасы мен сарапшыларға ұсынып, Алматы ойын индустриясының жоғары деңгейде дамығанын дәлелдеді.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Women’s Creativity Forum тудырды. Форумда қазақстандық әйел кәсіпкерлер мен дизайнерлер цифрландыру, инновацияларды енгізу, жастарды қолдау және мәдени кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Azerbaijan Fashion Week аясында сән көрсетілімі өтті. Іс-шараға Қазақстан атынан дизайнерлер Әлия Жұман мен Тимур Тұрсынқұлов қатысып, олардың топтамалары бағдарламада айрықша орын алды.
Онкүндік қорытындысы ретінде Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы Баку тұрғындарына "Менің досым" атты пьесаны ұсынды. Қойылым үй жануары мен оның иесі арасындағы байланысты суреттейтін трагикомедия жанрында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 17:47 205431
Ташкентте қазақ киносының күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақ киносының күндері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
Өзбек көрерменіне қазақ кинематографиясының бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін бейнелейтін "Әміре", "Дос-Мұқасан" және "Паралимпиец" көркем фильмдері ұсынылды.
Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов екі бауырлас халық арасындағы мәдени байланыстарды жүйелі түрде дамыту маңызды екенін атап өтіп, өнер қайраткерлерінің елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан елеулі үлесіне ерекше назар аударды.
Ташкент қаласында Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 15:52 204991
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Венадағы тарихи Минориттер шіркеуінде "Qazaq soncert" Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің және Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның әлемдік және қазақстандық классиктердің туындыларын аңызға айналған Антонио Страдивари скрипкасында ойнаған жеке концерті өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Аустрияның ең көрнекті шіркеулердің бірінде Петр Чайковскийдің, Камиль Сен-Санстың, сондай-ақ Алмас Серкебаевтың туындылары орындалды, олар кеңістікті жанды эмоционалды күшпен және терең көркемдік көрініспен толтырды. Чайковскийдің, Сен-Санстың лирикалық және драмалық фрагменттері, сондай-ақ Алмас Серкебаевтың шығармалары солистің ерекше шеберлігін және Страдивари еркеше тазалығы мен мәнерлілігін үйлестіретін сирек кездесетін аспаптың бай тембрін ашты.
Концерт Аустрияның дипломатиялық корпусы, БАҚ, іскерлік және мәдени ортасы өкілдерінің, сондай-ақ Венада тұратын қазақ диаспорасы мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды.
Көрермендер әр шығарманы жылы қарсы алды, ал соңында ұсынылған Вивальдидің туындысына қатысушылар ұзақ қошемет көрсетті.
А.Мұсақожаеваның Минориттер шіркеуіндегі өнер кеші жоғары шеберлік және шынайы музыкалық сұлулықты бағалайтындар үшін нағыз мәдени оқиға болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 13:33 205726
Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі "Қазақфильм" киностудиясымен және Қазақ киносының француз қауымдастығымен бірлесіп Брюссель қаласында Қазақ киносының күндерін ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бельгия көрермендеріне қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдерді, рухани құндылықтары мен мәдени мұрасының байлығын бейнелейтін "Бақыт құшағында" және "Жаужүрек мың бала" фильмдері ұсынылды.
Кинокөрсетілім бельгиялық қоғам өкілдерін, студенттерді және қазақстандық диаспора мүшелерін біріктіріп, мәдени диалог пен қазіргі қазақстандық киномен танысуға арналған алаңға айналды.
Бағдарламада режиссёр Санат Шапашовтың көрнекті қазақстандық композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары негізінде түсірілген "Бақыт құшағында" фильмі ерекше орын алды. Биыл 95 жылдығы атап өтіліп отырған Қалдаяқовтың махаббат, адами шынайылық және ұлттық болмыс тақырыптарына толы музыкалық мұрасы картинаның эмоциялық өзегіне айналып, оған ерекше тереңдік пен лиризм дарытты. Бұл фильмнің мазмұнын халықаралық аудиторияға түсінікті әрі жақын етті.
Кинокөрсетілімдердің ерекше оқиғасы - басты рөлді сомдаған актриса Алия Ануарбектың қатысуы болды. Ол көрермендермен жүздесіп, сұрақтарға жауап беріп, бельгиялық аудитория тарапынан зор қызығушылық пен жылы ықыласқа ие болды.
Іс-шараға Бельгияның тәуелсіз авторлар, режиссёрлер мен продюсерлер қауымдастығының Бас хатшысы Франк Депайфв жоғары баға беріп, ұсынылған фильмдердің эмоциялық айқындығын және көрерменмен киноның әмбебап тілі арқылы сөйлей алу қабілетін атап өтті. Сондай-ақ, ол бельгиялық көрермендерді қазіргі қазақстандық кинематографиямен одан әрі таныстыруға қызығушылық білдірді.
Бельгиядағы Қазақстан мәдениеті апталығы аясында өткен Қазақ киносының күндері Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген жоғары қызығушылықты көрсетіп, мәдени дипломатияның өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын айқындады.
Аталған іс-шара Қазақстан мен Бельгия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып, екіжақты мәдени байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 18:40Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі 22.12.2025, 21:24 59506Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды22.12.2025, 18:58 55761Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 19:58 43876Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді22.12.2025, 11:28 43611Қазақстан мен Таиланд саяси диалог және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
15.12.2025, 23:30 225136Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222126Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213111Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді17.12.2025, 13:33 205776Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 17:47 205481Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

