22.12.2025, 19:19 901

Бейжіңде қазақстандық студенттер ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

Бейжіңде қазақстандық студенттер ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының (KSAC) белсенділерімен дәстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Елші студенттерді Мемлекет басшысының бастамашылығымен жүргізілудегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Қазақстан мен Қытай екіжақты қатынастарының ағымдағы жағдайы мен келешектеріне ерекше назар аударылды.

2026 жылы бірлескен мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарларын, дипломатиялық мекемеде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттер қауымдастығының қызметін одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

Ш.Нұрышев сапалы білім алудың, болу елінің заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қытай тілін білетін мамандардың сұранысын және оларды кәсіби іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің кең келешектерін ерекше атап өтті.

Елші Қазақстанның Қытайдағы студенттер қауымдастығының қызметіне оң баға беріп, оның шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, студенттерді қоғамдық және волонтерлік қызметке белсенді қатысуға шақырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша KSAC-тың ең белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны