14.04.2021, 19:24 14013

Биыл қайталама шикізатты қайта өңдеу саласын қаржыландыруға 10 млрд теңге бағыттау жоспарлануда

Ecoqolday бағдарламасы кәдеге жаратуға жиналған және тасымалданған макулатура, пластик, шыны қалдықтары үшін өтемақы төлемінің мөлшерін автоматты түрде есептейді.
НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - Бүгін ӨКМ Операторы "Ecoqolday" қосымшасында қаптама қалдықтарын жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялауды іске қосты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бірінші кезекте 10 667,70 тонна көлеміндегі қайталама шикізатты кәдеге жаратып үлгерген кәсіпорындар қаржыландырылады. Жүйеде төлем жасаудың реті субсидиялауға берілген өтінімдер негізінде жүзеге асырылады. Ecoqolday бағдарламасы кәдеге жаратуға жиналған және тасымалданған макулатура, пластик, шыны қалдықтары үшін өтемақы төлемінің мөлшерін автоматты түрде есептейді. Қайталама шикізаттың 1 тоннасы үшін берілетін ақшалай төлемдердің мөлшері қосымша құн салыған қосқанда: шыны үшін – 22 344 теңге, пластикалық қаптамаға – 26 399 теңге, қағаз/картон – 16 977 теңгені құрайды. Сондай-ақ, ӨКМ Операторы қаптама қалдықтарын тасымалдау шығындарын қашықтығына байланысты ішінара субсидиялауды жүзеге асырады", - деп хабарлады "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінде.

 
Бүгінгі таңда Ecoqolday жүйесінде 222 қатысушы тіркелген. Атап айтқанда қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын 74 кәсіпорын, 22 – кәдеге жаратушы зауыт және 126 көлік компаниясы қатысуда.
 

Цифрлық модельге көшу макулатураның, полимер өнімдері мен шыны қалдықтарының сатып алу құнын арттыруға мүмкіндік берді. Шикізат құны қазір былайша өзгеріп отыр: картон-қағаз 40-85 теңге/кг шегінде, шыны 22-28 теңге/кг, пластмасса 80-180 теңге/кг шегінде. Қаптама қалдықтарын жинаушылар шикізатты кәдеге жаратушыларға тапсырғаннан кейін "ЕсoQolday" жүйесінде бірден қаржыландыруға өтінім беруге мүмкіндігі бар", - деп айтты баспасөз қызметінде.

 
2021 жылдан бастап ӨКМ Операторы өтемақы төлемдерін беру рәсімін жеңілдетті. Жаңа модель қаптама қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі жұмыс қағидаттарын өзгертуді көздейді. ЕсoQolday жобасы – қайта өңделетін қаптама қалдықтарын (макулатура, пластик, шыны) жинау, оларды тасымалдау және кәдеге жарату бағытында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін және осы салада өз бизнесін бастағысы келетіндерге арналған платформа. 
 
2021 жылы 230 мың тонна көлеміндегі қайталама шикізатты жинау, қайта өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату жоспары тұр. ӨКМ Операторы биыл осы бағыттағы жұмыстарды қаржыландыруға шамамен 10 млрд теңге бөлуді жоспарлаған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны