05.04.2010, 13:35 3277

БҰҰ бас хатшысы Қырғызстан басшылығын адам құқықтарын сақтауға шақырды

БҰҰ бас хатшысы Қырғызстан басшылығын адам құқықтарын сақтауға шақырды

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Қырғызстанға сапары барысында адам құқықтарын сақтау, соның ішінде сөз бостандығы мен баспасөз тәуелсіздігін қорғау қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Kazakhstan Today БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

"БҰҰ үшін адам құқығын сақтау - гүлденуді мұрат тұтқан ел үшін басты принципке саналады", - деді Пан Ги Мун Қырғыз парламентіне арнаған сөзінде.

"Ал елдегі кейінгі кездегі оқиғалар, соның ішінде кейінгі бірнеше күн ішіндегі оқиғалар аса алаңдаушылық тудырады",- деді ол.

Елдегі бұқаралық ақпарат құралдары елдегі сөз бостандығын және баспасөз тәуелсіздігін шектеу, соның ішінде жуырда елдегі бір оппозициялық газетті жабу оқиғалары туралы хабарлаған болатын, делінген БҰҰ баспасөз баянында.

Бұл мәселе жайлы Пан Ги Мун Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен және премьер-министр Данияр Үсеновпен Бішкекте кездесу кезінде сөз қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны