15.04.2021, 17:44 10236

Шымкент COVID-19 таралу бойынша "қызыл" аймаққа өтті

ШЫМКЕНТ. 15 СӘУІР - Шымкент COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Өткен тәулікте Шымкентте коронавирустың 111 жаңа жағдайы, қалада барлығы 7 815 жағдай анықталды.
 
2021 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.
 
 "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары. 
 
 "Жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны