12.01.2022, 13:49 20046

Денсаулық сақтау министрі "Қазақстан халқына" қорының қаражатын пайдалану туралы айтып берді

Денсаулық сақтау министрлігі қордың қаражатынан орфандық аурулары бар балаларды емдеуге арналған болжамды шығындардың есебі мен дәрілік заттардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАҢТАР - ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының ақшасы қалай жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, қор қызметінің саласы әлеуметтік және мәдени қызметтің әртүрлі аспектілерін (денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік инфрақұрылым, болған жойқын-қирату салдарын қалпына келтіру және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдау) қамтитын болады.
 
Ол қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылатынын атап өтті. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарын және ірі бизнес субъектілері тарапынан Қорға тұрақты аударымдарды тарту жоспарлануда.
 

Осыған байланысты Қордың құрылтайшысы ретінде әрекет ететін қоғамдық бірлестікті айқындау, сондай-ақ іске асыру тетіктерін әзірлеу үшін азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Үкімет жанынан жұмыс тобын құру ұсынылады. Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының қаражатынан орфандық аурулары бар балаларды емдеуге арналған болжамды шығындардың есебі мен дәрілік заттардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді", - деді Ғиният Үкімет отырысында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны