18.08.2021, 17:19 6131

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды

"Қазақстандықтардан КВИ алғашқы белгілері білінген кезде өзін-өзі емдеуге емес, медициналық көмекке жүгінуді сұраймын".
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі күні КВИ-мен ауырған 120 мыңнан астам науқас емделуде. Сонымен қатар, бірінші күні реанимацияға жатқызылған пациенттердің үлесі 40%-дан асты және бұл агрессивті Дельта штаммының әсерімен, науқастардың өзін-өзі емдеуімен және олардың медициналық көмекке кеш жүгінуімен байланысты. Қазақстандықтардан КВИ алғашқы белгілері білінген кезде өзін-өзі емдеуге емес, медициналық көмекке жүгінуді сұраймын. Қарапайым ережелерді сақтау жүздеген адамдардың өмірін сақтап қалатынын есте сақтау керек", — деді А. Цой.

 
Министр Қазақстанда апталық өсім 2%-ға төмендегенін айтты. 18 тамыздағы мәлімет бойынша, республикада COVID-19-ның оң нәтижесі бар 708 379 науқас және КВИ- нәтижесі бар 66 381 науқас тіркелді. Түркістан облысынан басқа барлық аймақтар қызыл аймақта.
 

Соңғы үш аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуы байқалды, орташа есеппен аптасына 53 мыңға жуық жағдай тіркеледі. 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу индексі 1,11-ден 0,97 -ге дейін 14%-ға төмендеді", — деді А. Цой.

 
Оның айтуынша, инфекциялық орындар 53%, реанимациялық орындар 47% жүктемеленген. Инфекциялық орындардың көп жүктемеленуі Ақтөбе облысында – 69%, Қызылорда облысында – 66%, Алматы облысында – 64%.
 
Вакциналау процесіне келетін болсақ, бүгінгі күнге дейін республикада бірінші компонентін 6,1 млн адам алды, тиісті халықтың қамтылуы 62% құрады, екінші компонентін 4,8 млн-ға жуық адам алды, бұл тиісті халықтың 48%-ын қамтиды. Бірінші дозамен вакциналаудың ең төменгі пайызы Маңғыстау облысында байқалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны