14.07.2021, 21:41 32116

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартты

НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Эпидемиологиялық жағдайды (Дельта штаммының белсенді таралуы) және вакцинациямен қамтуды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алексей Цойдың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook-тегі парақшасында жағдайды дамытудың үш мүмкін сценарийі туралы айтып берді.
 
Сонымен, пессимистік сценарий бойынша тіркелген жағдайлардың саны шілде-қыркүйек айларында шамамен 400 мың адамды құрайды (орташа есеппен тамыз айындағы шыңында күніне 6 мыңнан астам жағдай).
 
Екінші реалистік сценарий бойынша, шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 355 мың адамды құрайды (орташа есеппен тамыз айындағы шыңында күніне 5,3 мыңнан астам жағдай).
 
Оптимистік сценарий бойынша тіркелген жағдайлардың саны шілде-қыркүйек айларында шамамен 330 мың адамды құрайды (орташа есеппен тамыз айындағы шыңында күніне 5 мың жағдай).
 
13 шілдедегі 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 466 792 жағдайы расталды. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 4 375 жаңа жағдайы тіркелді.
 
14 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында төрт өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны