14.07.2021, 19:29 20738
Қазақстанда 14 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Достарға айту
Қазақстанда өткен тәулікте 4 375 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1128,
Алматы қаласында – 640,
Шымкент қаласында – 342,
Ақмола облысында – 148,
Ақтөбе облысында – 137,
Алматы облысында – 134,
Атырау облысында – 320,
ШҚО–да – 52,
Жамбыл облысында – 58,
БҚО–да – 187,
Қарағанды облысында – 589,
Қостанай облысында – 98,
Қызылорда облысында – 70,
Маңғыстау облысында – 180,
Павлодар облысында – 143,
СҚО-да - 73,
Түркістан облысында - 76.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 960 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 418 228 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
14 шілдеге КВИ-ден 45 282 адам (43 795 КВИ+ және 1 487 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 14 698 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 30 584 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 880 пациент,
- аса ауыр халде – 198 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 116 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 13 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 769 өлім жағдайы тіркелген. 12 шілде күні КВИ-ден 53 адам қайтыс болды.
12 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 167 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 76 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 58 086, өлім жағдайы - 1 044, сауыққандар - 53 095.
Қазақстанда 2021 жылғы 13 шілдеге I компонентпен 4 601 830 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 541 853 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары.
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.03.2026, 15:21 16111
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады
Достарға айту
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 14:14 16366
Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформаларда және өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаңсақтау қажеттігіне назар аударады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлары тіркелді.
Олар мұндай пікірлерін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өздерінің жалған діни догмалармен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйемелдеген.
Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасының өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беделін түсіреді.
Сондай-ақ журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды.
Масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырамыз.
Осыған орай қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.
Сонымен қатар, ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының қолданысына жатады және ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде саралануы мүмкін, бұл үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады.
Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 13:15 16931
Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды
Достарға айту
Алматы облысында бір топ адам арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда бір топ адамның арасында жанжал шыққанын және олардың арасында полиция қызметкерінің аспанға екі рет оқ атқанын көруге болады.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында болған.
- Аталған дерек бойынша бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар өңір полициясы ауаға атылған оқ ескерту сипатында болғанын және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылғанын атап өтті.
Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 15:40 93211
Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Алматы қаласында Наурыз мерекесіне арналған дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірқатар көшеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылы 16 наурыз сағат 03:00-ден 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз.
Түзетілген қозғалыс сызбалары
№16
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - әрі қарай соңғы аялдамаға дейін;
- Батыс бағытта: Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№37
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№48

№126
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - Қалдаяқов көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Қалдаяқов көшесі - Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№201
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№205
- Шығыс бағытта: Желтоқсан көшесі - Гоголь көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесі - Наурызбай батыр көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№206
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№209
-Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№210
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№224

Қорытынды:
Барлығы 10 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертілді.
Мерзімі:
2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 14:58 107946
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Достарға айту
Өскемен қаласында республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы аясында ұйымдастырылған "Қала көркін сақтайық" атты қалалық жастар акциясы өтті. Волонтерлер мен белсенді жастар қала көшелеріне шығып, қоғамдық орындарды заңсыз ілінген жарнамалық хабарландырулар мен парақшалардан тазартты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Акцияға "Қалалық волонтерлер фронт-офисінің" еріктілері қатысты. Жастар аялдама кешендерін, ғимараттардың қабырғаларын, бағаналарды және рұқсатсыз хабарландырулар жиі ілінетін басқа да қоғамдық нысандарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай парақшалар тек абаттандыру талаптарын бұзып қана қоймай, қалалық инфрақұрылымның сыртқы келбетіне де айтарлықтай кері әсер етеді. Уақыт өте келе ретсіз ілінген жарнамалар визуалды "шу" қалыптастырып, қаланың көркін бұзып, күтімсіз орта әсерін тудырады.
Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындарды ортақ идея төңірегіне біріктіру: Өскеменді таза, жайлы әрі өмір сүруге тартымды қалаға айналдыру.
Жастар өкілдерінің айтуынша, осындай іс-шараларға қатысу жас буынның қоршаған ортаға және қалалық кеңістікке деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Біз қалаға деген қамқорлық әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келеді. Таза көшелер, жинақы аялдамалар мен ұқыпты қоғамдық орындар - тұрғындардың мәдениетінің айғағы. Бүгінгі акция тек қаланы заңсыз жарнамадан тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған", - деді акцияға қатысушылардың бірі.
Урбанистика және абаттандыру саласындағы сарапшылардың пікірінше, заңсыз жарнама мәселесі көптеген қалалар үшін әлі де өзекті. Тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын хабарландырулар көбінесе аялдамаларға, ғимараттардың қасбеттеріне және жарық бағаналарына рұқсатсыз ілінеді. Нәтижесінде қалалық орта біртіндеп өзінің эстетикалық келбетін жоғалтып, қоғамдық кеңістіктер ретсіз ақпараттық алаңға айналады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Ал жастардың белсенді қатысуы заманауи әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға маңызды үлес қоспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 15:57 114581
Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр - Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі
Достарға айту
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман "Референдум - 2026" онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық", - деді спикер.
Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.
Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде "Құрылтай" деп аталуда. "Вице-президент" деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық", - деді О. Кодджаман.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 11:55 191261
Түркістан әуежайы қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
Тергеп-тексеру барысында "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.
Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 12:31 292286
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Сурет: railways.kz
Достарға айту
Ұлттық тасымалдаушы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Магистральдық желі дирекциясы" филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды railways.kz.
Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады.
Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді.
Қызметті рәсімдеу үшін:
1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
2. Сатып алу барысында "Мүгедек" опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсету;
3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.
Қолжетімді көмек түрлері:
- пойыз жөнелтілер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыз жөнелтілер алдында арнайы арба ұсыну;
- пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.
Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дер кезінде дайындалып, жолаушыға сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдікті шарттар қарастырылған:
- әлеуметтік маңызы бар бағыттарда - 50% жеңілдік;
- коммерциялық "Тальго" пойыздарында арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға - 50% жеңілдік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.03.2026, 10:24Алматы мемлекеттік табиғи қорығында аюлардың ерте оянуы тіркелді
26.03.2026, 20:42 173071Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 19:28 173026Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 172956Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 172891Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 171566Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
04.03.2026, 10:54 239266Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады17.03.2026, 17:12 234231Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 234006Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 233746Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді16.03.2026, 16:56 227736Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді