22.07.2022, 17:10 18436

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде локдаун енгізіледі ма, жоқ па айтты

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде локдаун енгізіледі ма, жоқ па айтты
НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - Өңір эпидемиология жағдайы бойынша "қызыл" аймаққа өткен жағдайда қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
 
Бүгінде "сары" аймақта тек Нұр-Сұлтан ғана бар. Егер аймақ "сары" аймақта орналасқан болса, бизнеске ауыртпалық түсіретін қандай да бір қатаң шектеу шараларын енгізу көзделмейді.
 

Өңір "қызыл" аймаққа кірген жағдайда Ashyq жүйесі де енгізілуі мүмкін. Шектеу шаралары да екі кезеңде өтеді. Қазір бұл мәселе "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, талқыланып жатыр. Шешім ведомствоаралық комиссияның қарау нәтижесі бойынша қабылданады", - деді Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

 
Еске салайық, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 2480 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
 
  • Нұр-Сұлтанда – 796;
  • Алматыда – 722;
  • Шымкентте – 105.

Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны