22.09.2021, 17:54 12303

Депутаттар банктердің борышкерлер мүлкінің құнын төмендету мүмкіндігін шектеуді талап етеді

НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Мәжіліс депутаттары банк борышкерін өз үйінен шығару кезінде орын алған Алматыда 5 адамның өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғадан кейін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қажеттілігін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің пікірінше, Алматыда орын алған қайғылы оқиғаның бірқатар мән-жайлары полиция тарапынан ғана емес, қаржы реттеушілері тарапынан да жеке зерделеуді талап етеді.
 

Белгілі болғандай, қайғылы оқиғаның себебі қарызын өтей алмайтын борышкер мен банк арасындағы жалғыз тұрғын үйге қатысты дау болды. Ашық көздерден алынған ақпарат бойынша, 121 млн теңге қарыз болған кезде банк борышкерден бағалау құны 184 млн теңге болатын жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жайды алып қойды, оны банк 96 миллион теңгеге қайта бағалады, яғни 2 есе аз. Және бұл мүліктен басқа, банк борышкердің жалғыз тұрғын үйін тартып алуға шешім қабылдады. Бірнеше жылдан кейін банк мақсатына жетті, көшеге лақтырып және жалғыз баспанадан тек борышкерді ғана емес, оның кәмелетке толмаған балаларын да айырды", - деп жазды депутат сауалында.

 
Ол "кәсіпкерлікпен айналысуға тәуекел еткен немесе жай ғана кредит алған мыңдаған азаматтар бір жақты түсіндірмеге тап болатынын" атап өтті.
 

Бұл жағдай Ұлттық Банктің жоғары мөлшерлемесі, осындай даулар бойынша сот шешімдерінің әділетсіздігі және сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің ықтимал сөз байласу кесірінен туындаған халықтың үлкен қарыздық жүктемесіне тағы да назар аударады".

 
Депутат "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заңды әзірлеу мәселесі бірнеше рет көтерілгенін еске салды, онда "азып-тозған банкрот азаматтардың өмірлік құқықтарына кепілдік беру, оларға баспаналы болуға, тамақтануға және бала өсіруге мүмкіндік беру қажет".
 

Кешегі қаза тапқандар - мыңдаған шағын кәсіпкерлер мен қарапайым борышкерлердің жағдайына немқұрайлы қараудың тікелей нәтижесі", - деді мәжілісмен.

 
Андрей Линниктің пікірінше, қарызын өтей алмайтын борышкердің кепіл мүлкін алып қою кезінде бағалау құнынан ауытқу 10-15%-дан аспауы тиіс, өйткені кепілге ресімдеу кезінде мұндай мүлік бастапқыда кредит сомасына 30-40%-ға төмендетіледі.
 

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктердің әрекеттерінен қорғансыз болып қалатын борышкерлердің алып қойылатын мүлкінің құнын төмендету бойынша банктердің мүмкіндіктерін шектеу қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, сабын көпіршігі ретінде несие сомасын жасанды көбейтуді тоқтату үшін несиелер бойынша мөлшерлемені төмендету қажет, ол үшін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарау қажет, ол бүгінде кез келген жағдайда инфляцияны тежемейді, бірақ екінші деңгейдегі банктердің мөлшерлемелерінің барабар жоғары болуына себеп болады", - деп мәлімдеді депутат.

 
Баяндалғанды негізге ала отырып, мәжілісмен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен қарыз алушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға жол бермей, банктердің мүлікті бағалауын кемітуді шектеу мәселелерін шұғыл пысықтауды, кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде банктердің лауазымды адамдары мен сот орындаушылардың сөз байласуы үшін кез келген мүмкіндіктерді жоюды, сондай-ақ шұғыл тәртіппен болашақта осындай қайғылы оқиғаларды болдырмайтын "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын әзірлеуді талап етеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні сағат 17.00-де Алматының Алатау ауданында отбасын үйден шығару кезінде қайғылы оқиға орын алды: үй иесі қару алып, оқиға орнында бес адамды өлтірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны