17.07.2014, 20:56 6162

Дубайлық мамандар елорданың бейімделу орталығының медицина қызметкерлерін оқытады

Дубайлық мамандар елорданың бейімделу орталығының медицина қызметкерлерін оқытады

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. БЦСА-ға шалдыққан қазақстандық бүлдіршіндер үшін Дубайдың "Dr. Majdi El Halik Pediatric and Mental Reabilitation Centre" клиникасының физиотерапевт дәрігерлер тобы келді, - деп хабарлайды Астана әкімдігі.

2014 жылдың 14-27 аралығында мамандар Астанадағы "Қасиетті жол" қоғамдық қайырымдылық қорының бейімдеу орталығында жұмыс істейді.

Дубай клиникасының директоры Мәхді Салех әл-Халиктың айтуынша, олардың келуіндегі басты мақсат - "Қасиетті жол" қайырымдылық қорының бейімдеу орталығында курстан өтіп жатқан тірек-қозғалтқыш аппаратының бұзылуы сырқатына ұшыраған пациенттерге кеңес беру және медициналық қызметтер көрсету және балалар үйіне маманданған №2 қалалық балалар ауруханасы мен Қазақстанық өзге де өңірлерінің бейімдеу орталықтарының мамандарына шеберлік сыныптары мен тәжірибелік сабақтарын өткізу.

Физиотерапевтер Венус Букой Куирантэ мен Сукина Мансор әл-Шаик Осман БЦСА сырқатына шалдыққан балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар елордалық балалар үйінің 20 тәрбиешісі шет елдік мамандардың кеңесін алады.

Айта кетейік, аталмыш жоба "Ұлт болашағы - сау балалар" жобасы аясында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ қолдауымен іске асырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны