03.08.2022, 16:41 13076

еGov.kz сайтының жұмысында іркіліс орын алды: ХҚКО-ларда қызметтер қолжетімсіз

еGov.kz сайтының жұмысында іркіліс орын алды: ХҚКО-ларда қызметтер қолжетімсіз
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - eGov.kz порталының істен шығуына байланысты қазақстандық ХҚКО-лар мен банктерде қызмет көрсету қолжетімсіз, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгін, 3 тамызда "ҰАТ" АҚ серверлік орталығында апат болып, мына ақпараттық жүйелердің жұмысынан ақау табылды: Egov.kz АЖ, SB.egov.kz, Ашық үкімет порталдары, Мобильді үкімет, ЖТ МДҚ, ЕЛ МДҚ, ЭҮТШ, ЭҮСШ. Өкінішке қарай, бұл жүйелер ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысына тікелей әсер етеді, сондықтан Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде клиенттерді қабылдау уақытша мүмкін болмай тұр", - деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі.

 
Қазіргі уақытта аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру күтілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны