19.04.2012, 10:24 3427

Еңбек министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау облыстық әкімдікте "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша жұмсы сапарымен Ақмола облысына барып, аймақтағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау облыстық әкімдікте "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Облыстық білім беру басқармасы мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылары, аудан әкімдері, аудандық жұмыспен қамту орталықтарының басшылары "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асырудың пилоттық 2011 жылғы қорытындысы туралы баяндамалар жасады. Кеңесте жұмыспен қамту Бағдарламасының қатысушылары, Сандықтау және Бурабай аудандарының тұрғындары сөз сөйледі.

Гүлшара Ибдіхалықова сондай-ақ Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығында болып, Бағдарламаның облыс орталығында іске асырылу барысымен танысты.

Республикалық бюджеттен "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша Ақмола облысына ағымдағы жылы 1 млрд. 927 млн. теңге бөлініп отыр. Бағдарламаның бірінші бағытына - "Өздерін жұмыспен қамтып отырғандарды, жұмыссыздарды және тұрмысы төмен азаматтарды оқыту және оларды жұмысқа тұрғызу" бағытына 570,2 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 2 мыңнан астам адамды оқумен, 182 адамды жастар тәжірибесімен қамту жоспарлануда.

Илеуметтік жұмыс орындарын құрудың аясында облыстың 97 кәсіпорнына 200-ден астам адам жұмысқа тұрғызылды. Бағдарламаның барлық қатысушыларымен әлеуметтік келісімшарттар жасалды, қатысушыларды "Жұмыспен қамту" республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Бағдарламаның екінші бағытын - "Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету" бағытын іске асыруға 309,7 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы шағын несиелендіруге, оқытуға және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалады.

Үшінші бағыт - "Еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру" бағыты бойынша 2011 жылы облыстың Атбасар, Ақкөл, Щучинск сияқты экономикалық белсенді қалаларында 43 пәтер салынды және сатып алынды. Бағдарламаға қатысушылар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жаңа үйлерге көшіріледі.

Ал "Селолық елді мекендердің инфрақұрылымдарын дамыту" бағытының аясында жалпы сомасы 667,9 млн. теңгеге 28 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, 18 жоба - білім беру саласында іске асырылса, 2 жоба ТКШ, 4 жоба мәдениет, 3 жоба көлік саласында іске асырылады. Бұл жобалар күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қарастырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны