30.11.2022, 12:25 12481

Энергетика министрлігінің басшысы: Екібастұз ЖЭО апатының алдын алуға болар еді

Энергетика министрлігінің басшысы: Екібастұз ЖЭО апатының алдын алуға болар еді
Сурет: facebook.com/pavlodarenergo
Жылу маусымына дайындық кезінде министрлік тарапынан ЖЭО-дағы құбырды тексеру болған жоқ
 
Астана. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының энергетика министрі Болат Ақшолақов уақтылы қаржыландыру арқылы Екібастұз жылу электр станциясындағы апаттың алдын алуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ээнергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Бұл тек қана станциялар емес, құбырлар да бұзылуда. Қазіргі уақытта, осындай жағдай туындаған соң, бәріміз бірігіп, атсалысып, жергілікті атқарушы, орталық органдар және станциялардың иелері бәрін қаржыландырып, жылуды жеткізіп, сумен жабдықтап, халықтың мәселесін шешу қажет", - деді Энергетика министрлігінің басшысы "Қазақстан" телеарнасына берген сұхбатында.

 
Болат Ақшолақов бұл мәселелерді барынша жылдам шешу қажет екенін атап өтті.
 

Жылу құбырына қатысты проблемалар туындаса тағы біраз уақыт талап етіледі. Сонда да бұл мәселені өте жылдам шешу керек. Облыс әкімінің басшылығымен арнайы жедел штаб құрылды осы мәселелерді шешу мақсатында. Біздің өкілдеріміз де сол штабтың құрамында. Жылдам шешуге тырысамыз", - деді ол.

 
Ақшолақовтың айтуынша, әр құбырды тексеру министрліктің құзыретіне жатпағандықтан министрлік тарапынан тексеру болған жоқ.
 

Жалпы жеткізілетін құбырлар жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Дегенмен оның барлығын бөлек нысан деуге келмейді, бәрі бір жүйе ғой. Қазіргі уақытта заң деңгейінде қосымша өзгерістер енгізіп жатырмыз, мысалы біздің Энергобақылау комитетінің кез келген станцияны кез келген уақытта тексеруге құзыреті жоқ, сондықтан сол мәселені қайта қарап жатырмыз, ол заң Мәжілісте талқыланып жатыр. Жақын арада шығады деп сенеміз. Одан кейін бұрынғыдай барып тексеріп, осындай жұмыстарды жүргізетін боламыз. Тағы да айта кететін мәселе, оған әрине қаражат керек. Қазір мынандай жағдай туындады, бірақ осындай жағдайларды болашақта болдырмау үшін алдын ала шешу керек. Шешу дегеніміз жаңа станциялар, жаңа құбырлар салу керек, осының барлығы бір-бірімен байланысты болып отыр", - деп түйіндеді министр.

 
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті ЖЭО-дағы ірі апаттың салдары бірнеше күннен бері жойылып келеді. Арнайы комиссия коммуналдық ТЖ себептерін тергеуді бастады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны