30.11.2022, 11:48 15266

Екібастұзға қосымша жөндеу бригадалары келді

Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті
Екібастұзға қосымша жөндеу бригадалары келді
Сурет: t.me/KZgovernment
Екібастұз. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Екібастұзға үйлерге жылу беруді қалпына келтіру үшін қосымша жөндеу бригадалары келді, деп хабарлады Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, "Өнер" мәдениет үйін аралап көрді.
 

2022 жылғы 30 қарашада Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылусыз қалған 17 көппәтерлі тұрғын үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан - Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) келген жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті", - деді баспасөз қызметі.

 
Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 17 тұрғын үйді жылу жүйесіне қосу жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны