21.01.2022, 21:25 27086

Қиясов КВИ-мен сырқаттанушылықтың рекордтық өсуі аясында санитарлық талаптарды азайтады

Қиясов КВИ-мен сырқаттанушылықтың рекордтық өсуі аясында санитарлық талаптарды азайтады
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚАҢТАР - Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес:

  • берілген  күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын  растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі
  • берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы теріс нәтижесі бар құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын  растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;
  • пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда) стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен  COVID-19-ға тестілеу нәтижелері немесе  ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын  растайтын құжат бар болғанда жүзеге асырылады;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыру.
 
Сонымен қатар, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар үшін карантин мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.
 
Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, "инфекция жұқтырған" - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде "қызыл" мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын "жасыл" мәртебеге ауыстырылады.
 
 "Сары" мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң "көкке" ауыстырылады.
 
COVID-19-ға ПТР-тестілеу теріс нәтижелері бар адамдарда (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) "сары" мәртебесі COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
 
Байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау бар болған кезде, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда соңғы 3 ай ішінде "жасыл" мәртебе сақталады.
 
Жаңа қаулы білім беру мекемелерінің қалай жұмыс істейтінін анықтайды. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындайды:
 
1) мектепке дейінгі ұйымдарда - ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;
 
2) жалпы білім беру мектептерінде ("қызыл" аймақ):
 
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) - штаттық форматта;
 
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда - штаттық форматта; 
 
- 600 оқушыдан жоғары - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;
 
3) мектептен тыс ұйымдарда ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда) - штаттық форматта;
 
4) жоғары оқу орындарында және колледждерде ("қызыл" аймақ) аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
 
Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір тәулік ішінде ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 16 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелген. Жалпы, елде 1 117 160 жағдай расталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны