24.08.2021, 20:05 7928

Кабулдан Алматыға келгендердің барлығы COVID-19-ға тексерілді

"Келгендердің барлығын ПТР-тест тапсырып, COVID-19-ға Ұлттық сараптама орталығы тексерді, оң нәтижелер анықталған жоқ".
АЛМАТЫ. 24 ТАМЫЗ - Кабулдан Алматыға келгендердің барлығы COVID-19-ға тексерілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келгендердің барлығын ПТР-тест тапсырып, COVID-19-ға Ұлттық сараптама орталығы тексерді, оң нәтижелер анықталған жоқ", - деп хабарлады Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 19 тамызында Кабулдан Алматыға 2 рейс келді. Алғашқы рейспен Қазақстанның 27 азаматы (оның ішінде 6 бала) және Қырғызстанның 15 азаматы келді, олар әуежайдан бірден Отанына аттанды. Қазақстанның 27 азаматы Shera Inn қонақ үйіне орналастырылды. Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келді, олардың арасында Ауғанстан азаматтары болған жоқ. Олар Rixos қонақ үйіне қоныстанды.
 
2021 жылғы 22 тамызда Кабулдан Алматыға 108 адам келді, барлығы да БҰҰ дипломатиялық миссиясының мүшелері болып табылады. Олар "Интерконтиненталь" қонақ үйіне қоныстанды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны