16.02.2007, 16:07 2923

Қазақстан Республикасының көптеген медициналық мекемелерінде қан құю және дайындау барысындағы ереже бұзушылықтар одан әрі жалғасуда

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының көптеген медициналық мекемелерінде қан құю және дайындау барысындағы көптеген ереже бұзушылықтар одан әрі жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасыны мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің отырысынан кейінгі брифингте республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Бас прократурасымен бірлесе отырып жүргізілген тексерудің нәтижесі көрсетіп отырғанындай, республикамыздың көптеген емдеу- профилактикалық мекемелерінде қан құю және дайындау барысындағы көптеген ереже бұзушылықтар одан әрі жалғасуда", - деді республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног.

Республиканың бас санитарлық дәрігерінің ақпараттарына сүйенсек, "эпидемиологияға қарсы режимнің дөрекі бұзылу дерегі республикамыздың қан құю ұйымдарының жартысына жуығанан және де әбір үшінші медициналық ұйымнан анықталып отыр". "Сонымен қатар, қызмет тарапынан тиісті шаралар қолданылмайтындығын, еліміздің басқа аймақтарында Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген жағдайдың қайталануын жоққа шығара алмаймыз",- деді республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног.

"Республика бойынша ВИЧ/СПИД-ке шалдығуға қатысты қолайсыз ахуалдың сақталып отыруына, оның 1,8 есеге өскендігіне байланысты емдеу -профилактикалық мекемелерге қойылатын бақылауды айтарлықтай күшейту қажет",- деді Анатолий Белоног. Оның сөздеріне сүйенсек, аталмыш індетпен науқастанудың ең жоғарғы көрсеткіші Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында, және де Алматыда тіркелген.

"Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл проблеманы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан қарауға мәжбүрміз, сондықтан да жақын арада осы мәселеге қатысты тәртіп орнатуды талап етемін",- деді республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног.

"Аталмыш мәселе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде қаралады және де нәтижесі бойынша стационарларда жұқпалы аурулар бойынша жағдайды түзей алмаған басшыларға қатысты шешім шығарылады", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны