04.07.2008, 10:20 1374

Қазақстан шаруалары ірі шаруашылықтарға бірікпей жұмыс істей алмайды - газет

Қазақстан шаруалары ірі шаруашылықтарға бірікпей жұмыс істей алмайды - газет

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шаруалары ірі шаруашылықтарға бірікпей жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Литер" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Ұжымдық шаруашылықсыз Қазақстан шаруалары өмір сүре алмайды. Оның үстіне отандық ауыл шаруашылық нарығында масыл болып отырған Қазақстанның егіс алқабының "негізгі зиянкестері" бюрократтар тұрғанда жағдай тіптен қиын. Табиғат қатерлері мен биліктің "өнертабыстарына" қарсы тұрар жалғыз жол шаруашылықтардың ұжымдық бірлестіктерге бірігуі", - деп жазған газет.

Газеттің хабарлауынша, былтыр Қостанай облысының Меңдіқара ауданының шаруалары сақтандырушыларға 150 млн теңгені "сыйға тартқан". Өйткені, оларды табиғат апаттары айналып өткен.

Газеттің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Қостанай облысында 15 ауданның егіс алқаптарының иелерін біріктірген және 2,8 млн теңгеге 1,8 млн гектар жерді сақтандырған шаруа қожалықтарының өзін-өзі сақтандыратын 12 қоғамы жұмыс істейді. Газеттің айтуынша, шаруаларды осындай кооперацияның артықшылықтары тартып отыр. Ол - қаражаттың сақтандыру компанияларында жоғалмауы. "Қоғам мүшелері қайда жұмсайтындарын өздері шешеді. Мәселен, тартымды пайызбен басқа қажеттіліктерді несиелендіруге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны