02.06.2008, 16:34 11444

"Қазақстан темір жолының" Алматы бөлімшесінің директоры қол астындағылардан ақша жинайды деп айыпталуда

"Қазақстан темір жолының" Алматы бөлімшесінің директоры қол астындағылардан ақша жинайды деп айыпталуда

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" Алматы бөлімшесінің директоры Серікбай Ағментаев қол астындағылардан ақша жинайды деп айыпталуда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Медеу станциясының бастығы Бекет Жомартов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Б. Жомартов хабарлағанындай, өткен жылдың қыркүйек айында Алматы темір жол бөлімінің директоры С. Ағментаев өзінің қол астындағы станция басшылары мен олардың орынбасарларын жинады. "Ағментаев өзінің атына арыз жаздырып, онда барлықтарымыздың еңбек ақыларымыздан 60 мыңнан 120 мың теңге көлемінде қаржыны ұстап қалып отыру жөнінде келісімімізді мәжбүрлеп алды".

"Ағментаев бұл қаржының нендей мақсаттар үшін қажет екенін айтпады, техникалық бөлім бастығына қаржыны ұстап қалу жөніндегі арыздарымызды жинап алуды тапсырды ", - деп хабарлады Б. Жомартов.

Оның сөздері бойынша Ағментаевтың тапсырмасын орындамағандар болмады.

"Жеке менен 60 мың теңге алынды, ал менің айлық еңбек ақым 35 мың теңгені құрайды. Менің еңбек ақымнан 60 мың теңге неге ұсталатынын білмек болдым, сонда Ағментаев былай деді: .."Егер қиындықтар тумасын десең, ақшаны ұстап қалу туралы арыз жаз". Мен оған келісуге мәжбүр болдым. Келесі екі айда есепшілер бұл қаржыны ұстап қалды", - деді Б. Жомартов.

Б. Жомартовтың пікірінше, Ағментаев өзінің іс -әрекеттерімен қол астындағыларды пара алуға итермелеген. "Жанама түрде сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға итермеледі. Мен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған станция басшысы Еселбаевпен сөйлескен кезімде, ол маған былай деп жауап берді: "Менің еңбек ақымнан 60 мың теңге ұсталып отырғандықтан, мен мұндай әрекет жасауға мәжбүр болдым".

Б.Жомартовтың айтуынша, Ағментаев еңбек заңнамасын жиі бұзып отырды, мысалы, мен жұмыстан заңсыз қуылдым. Алматының Жетісу көліктегі прокуратурасына шағым түсіргеннен кейін, Ағментаевтың бұйрығы заңсыз деп танылып жойылды. Сондай-ақ, Талдықорған станциясының бастығы С. Рақымбаев та заңсыз жұмыстан шығарылды. Кейін ол Алматының Алмалы аудандық сотының шешімімен жұмысқа қайта оралды ", - деп хабарлады Б. Жомартов.

Б. Жомартов айтқанындай, өткен жылдың 25 қыркүйек айында Ағментаев бұрынғы "Қазақстан темір жолы" президенті Жақсыбек Күлекеевтің бұйрығымен еңбек қатынастарын дұрыс жасамағаны үшін және жолаушылар пойыздарының кестесін орындау жөніндегі мәселелерді дұрыс басқармағандығына байланысты жұмыстан шығарылады".

Б.Жомартовтың айтуынша Ағментаевтың кінәсі толық дәлелденді. Биылғы жылдың 21 қаңтарында Иуезов аудандық соты Ағментаевтың бұрынғы қызметіне қайта орналасу жөніндегі шағымын қанағаттандырмады. Аудандық сот шешімі Алматының қалалық сотында 2008 жылдың 13 наурызында да қолдау тапты.

Медеу станциясының бастығы атап өткеніндей, алайда биылғы жылдың 12 мамыр айында "Қазақстан темір жолы" АҚ президенті Асқар Мәмин Алматы қалалық соты және аудандық сот шешімдеріне қарамастан Ағментаеты бұрынғы қызметіне қайта орналастырды. Б. Жомартов А. Мәминге Ағментаевқа қатысты деректерге байланысты шұғыл шараларды қолға алу жөнінде өтініш жазды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны